Теміржол, ЖЭК, мұнай өңдеу зауыттары: бірқатар кәсіпорындар мемлекет меншігіне қайтарылмақ
Үкіметте Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қорының және т. б. басшылары қатысты.
Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорындарды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.
Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажетті заңдық және ұйымдастыру шараларын пысықтауды тапсырды.