×

Ресейдің экономикасы қиын жағдайда қалды

Бұл елде техникалық рецессия кезеңі болып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 18.11.2022 | 14:21
фото: dp.ru

Ресейдің экономикасы соңғы екі тоқсанда ұдайы төмен қарай түсіп, құлдыраумен келе жатыр. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Батыс санкциялары, технологиялық тосқауылдары мен жүздеген мың жұмыс қолдарының байланып қалуы салдарынан Ресей экономикасы техникалық рецессия кезеңіне өтті. Екінші тоқсанда 4,1 пайызды жоғалтқан РФ жалпы ішкі өнімі көрсеткіші шілде-қыркүйек айларының қорытындысында жылдық мөлшердің 4 пайызына қысқарды, – деп хабарлады Росстат.

Санкциялар Ресей бизнесінің сыртқы нарығын жауып, жоғары технологиялы импорттың жолын кескеннен кейін көтерме сауда көлемі 22,6 пайызға құлады. Батыс брендтері кетіп, тарихта бұрын-соңды болмаған автонарық коллапсы болған соң бөлшек сауда айналымы 9,6 пайызға төмен түсті.

Экономиканың шикізат жүрегі әзірге соғып тұр: мұнайшылар бүгінде Еуропадағы клиенттер алудан бас тартқаннан кейін теңіз жолымен күніне Азияға 3 млн баррель тасқын шығарып келеді. Бірақ шикізат турбасына байланысы жоқ өнеркәсіп құлдырады. Екінші тоқсанның қорытындысында ол 2 пайыз болды. Сонымен бірге, жекелеген салалар толық құрдымға кетті. Елде қыркүйек айында автомобиль шығару – 42,4, автобус – 21,1, лифт – 29,1, тепловоз – 29,6, жүк вагондары – 31,6, электр жабдықтары 24,5 пайызға азайды.

«Басталған құлдырау кем дегенде тағы екі тоқсан бойы жалғасады», – деп ескертті Bloomberg Economics экономисі Александр Исаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама