Құрылыс компаниялары пәтерлерді қымбатқа сатып жатыр
Елімізде жаңа үйдің бағасы бір жылда шамамен 17%-ға өскен
Қазақстанда құрылыс компаниялары пәтердің шаршы метрін 146 мың теңгеге салып, 430 мың теңгеге сатады, деп хабарлады «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Биыл 10 айда Қазақстанда 11,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Құрылыстың орташа нақты құны 1 шаршы метріне 146,2 мың теңге, яғни тұрғын үйдің нарықтық құнының 33,9%-ы (146,2 мың теңге/430,7 мың теңге). Салыстырайық, 2017 жылы нақты шығындар мен нарықтық бағалардың арақатынасы 43,2% деңгейінде белгіленді, - деп жазылған хабарламада.
Өңірлерде нақты шығындар мен тұрғын үй құнының ең үлкен арақатынасы Алматы облысында– 85%, мұнда құрылыс құны – 161 мың теңге, ал жаңа ғимараттағы баға – 190 мың теңге.
Ең аз көрсеткіш Павлодар облысында – 28%, мұнда 1 шаршы метрі – 84 мың теңге, ал жаңа құрылыстағы баға – 297 мың теңге.
Kursiv.kz мәліметінше, Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы бір жылда (2022 жылғы қазаннан 2021 жылғы қазанға дейін) 16,6%-ға, ал бұрын пайдалануға берілген тұрғын үйдің бағасы 27,1%-ға, жалға берілетін тұрғын үйлер 54,2%-ға қымбаттаған.
Ақтөбеде (30,3%), Өскеменде (26,3%), Қостанайда (25,4%) жаңа үйдің бағасы айтарлықтай көтерілген.
Сондай-ақ бұрын пайдалануға берілген Талдықорған (44,6%), Семей (44%), Ақтау (43,3%), Ақтөбедегі (42,4%) үйлер де қымбаттап жатыр.