Алдағы 10 жылда Қазақстанға 250 мың шетелдік маман келмек
Министрлік Қазақстанды алдағы 3-5 жылда аймақтың академиялық хабқа айналдырмақшы
Қазақстанның жаңа көші-қон тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Онда шетелдік оқытушылар мен ғалымдарға арнайы виза беру көзделген. Бұл туралы бүгін Стратегиялық бастамалар форумында Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оның айтуынша, қазіргі геосаяси жағдайдағы қайшылықтар кезінде Қазақстанның жоғары білімі үшін қызықты мүмкіндіктер туындап отыр.
«Көптеген Ресей, Украина мен Беларусь университеттерінің ғалымдары, зерттеушілері жұмысы мен академиялық мансабын жалғастыру үшін мүмкіндіктерді іздестіріп жатыр. Соның ішінде өңір бойынша басымдық ретінде Қазақстан да қарастырады. Біз ғалымдармен ұқыпты диалог жүргізіп жатырмыз. Қазір ол біздің университеттеріміз арқылы жүргізіледі. Ол ғалымдарды дәріскер ретінде қонаққа, сондай-ақ ұзақ мерзімге зертханаларға ғылыми жұмысшылар ретінде шақыратын боламыз. Егер қазір күшімізді дұрыс есептеп, тиісті шараларды қабылдайтын болсақ, Қазақстан алдағы 3-5 жылда мықты аймақтың академиялық мобильді хабқа айналуы мүмкін», – деді ол.
Оның айтуынша, министрлік Еуропа мен Американың университеттерін Қазақстанға шақырып жатыр.
«Біріншіден, Қазақстан Балон ұйымының тең төрағасы болып отыр. Қазан айында Балон процессі принципіне негізделген Орта Азияның жоғары білім кеңістігін құру туралы хабарладық. Бұл университеттерді тез интеграциялап, біздің жоғары білімнің тартымдылығын арттырады. Екіншіден, шетелдік университеттерді белсенді шақыратын боламыз. Аризона университеті СҚО-да мемлекеттік университеттің базасында бөлімшемін ашты. Біз бірінші рет қызық жағдайды көрдік. СҚО-ға оқуға еліміздің 6 өңірінен студент келді. Қазір америкалық, еуропалық универитеттермен белсенді жұмыс істейтін боламыз», – деді.
Сонымен қатар Саясат Нұрбек цифрландыруды белсенді жүргізу қажеттігіне тоқталды.
«Онлайн білім беруге ресми түрде рұқсат береміз. Көптеген ресурс пен инвестицияны қажет ететін кадемиялық инфрақұрылымды дамыту жолымен гибридті форматты дамытып жатырмыз. Иә, ол үлкен сын қатер мен тәуекел, сондай ақ ол үлкен мүмкіндік. Егер бәрін дұрыс істесек, алдағы 3-5 жылда Қазақстан Орта Азиядағы ірі академиялық хабқа айналуға мүмкіндігі бар, кезінде Катар, Араб Әмірліктері мен Малайзия жасаған болатын», – деді министр.
Оның айтуынша, үкімет еліміздің жаңа көші-қон тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Бұл оның пікірінше, елдегі еңбек ресурсы тапшылығын болдырмауда маңызды.
«Қазір жаңа көші-қон тұжырымдамасы әзірленіп, талқылаудан өтіп жатыр. Бірқатар келісуден өтті. Өте қызықты құжат. 30 үлкен бастама бар. Онда қателеспесем 10 жылға 250 мың ықтиярхат беру көзделген. Америка тәжірибесінде табысты қолданылып жатқан құнды дағдылар визасы бар. Ғалымдар, оқытушылар үшін жеке визаны іске қосатын боламыз. Бұл құжат түпкілікті қабылданбағаны өкінішті. Сондықтан оған толыққанды сілтеме жасай алмаймын. Бірақ ол тұжырымдамада өзімізде жоқ, тапшы кадрларды тез қалыптастыруға мүмкіндік беретін өте қызықты құралдар бар», – деп қорытындылады Саясат Нұрбек.