×

«ҚазМұнайГаз» инвесторларға 8,3 млрд доллар қарыз болып қалған

Оның басым бөлігі – шетелдік инвесторлардың қаржысы

 Еркеғали Болатұлы 16.11.2022 | 15:54
фото: ашық дереккөз

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының инвесторлар алындағы қарызы 8 млрд 366 млн долларға жеткен. Ол қарыздың басым бөлігі – шетелдік инвесторлардың қаржысы. Бұл туралы бүгін компания басшысы Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

30 маусымдағы жағдай, яғни 2022 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша компанияның жалпы қарызы 8 млрд 366 млн долларды құрайды. Бізде инвесторлар алдындағы қарызды өтеудің жатық әрі ыңғайлы графигі бар, - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, компанияның қарызы жоспарлы түрде төмендеп келеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірнеше жылдан бері еуробондтар шығарып, халықаралық нарықтарға орналастырады. 2014 жылы компанияның қарызы шамамен 19 млрд доллар болған.

Еске сала кетсек, биыл компания IPO-ға шығып, 30,5 миллион жай акциясын сатуды жоспарлап отыр. Әрбір акцияның бағасы – 8 406 теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама