×

Құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек қымбаттап жатыр – Ұлттық банк

Бұл өнімдер шетелден жеткізіледі

 Дәурен Ерболат 15.11.2022 | 11:15
фото: primeminister.kz

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанда жылдық инфлянция 18,8% екенін, оның қарқыны жоғары деңгейде қалып отырғанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазанда айлық инфляция 1,6%-ға баяулауды. Өткен айдағы көрсеткіш – 1,8%. Қазанда инфляция әлі де орташа жылдық мәннен 0,7%-ға өсті. Жылдық мәнде инфляция 18,8%-ға жетті. Ал жылдық мәнде 23,1%-ға жеткен азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға көптеп үлесін қосуда. Жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін маусымдық арзандату аяқталды, - деді Берік Шолпанқұлов Үкімет отырысында.

Ол азық-түлікке жатпайтын инфляция да 17,9%-ға өскенін жеткізді.

«Импорт үлесі жоғары тауарлардың, оның ішінде жеке қолданыстағы тауарлардың, тұрмыста қолданылатын құралдардың, құрылыс материалдарының, дәрі-дәрмектің бағалары тез өсіп отыр. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар құрылымында өткен жылдың жоғары базасы есебінен шығу нәтижесінде жанар-жағармай мен автомобильдерге бағаның өсуі баяулады», - деді төраға орынбасары.

Бұл ретте ақылы қызметтер инфляциясы да 13,5%-ға өскен.

«Тұрғын үйді жалға алудың қымбаттауын тоқтатқан жоқ. Энергия өндіруші компаниялар тарифтерінің өсуіне байланысты электр қуатының құны қымбаттады. Қазанда халық күткен және қабылдайтын инфляцияның медианалық бағалары тиісінше 18,3%-ға және 22%-ға дейін күрт өсті. Екі көрсеткіш те 2016 жылдан бастап ең жоғары деңгейге жетті», - деді Берік Шолпанқұлов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама