×

Экономикалық өсімі төмен өңірлер аталды

Биылғы жылдың қазан айында инфляция өсімі жеделдеді

 Динара Амантай 15.11.2022 | 10:40
Фото: egemen.kz

Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2022 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылу мәселесі қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Барлық негізгі экономикалық макрокөрсеткіш бойынша Қостанай, Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында өсім бар. Ал ең төмен өсу қарқыны Ұлытау, Абай және Маңғыстау облыстарында байқалып отыр.

Үкімет басшысының айтуынша, тұрақты даму қарқынын ұстап тұру үшін экономиканы әрі қарай әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты күшейту қажет. Өңір әкімдіктері жоспарланған көрсеткіштерді қамтамасыз етіп, инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруы керек. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруға тұрақты мониторинг жүргізуге тиіс. Сонымен қатар бағаның өсуін тежеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау керек.

Биылғы жылдың қазан айында инфляция өсімі жеделдеді. Бұл процесске азық-түлік тауарлары бағасының өсуі айтарлықтай әсер етіп отыр. Бұл бірінші кезекте әкімдіктер тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді. Өңірлер биылғы жылдың соңына дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізіп, мемлекет басшысы қойған міндеттердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет, — деді Әлихан Смайылов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама