×

ЕО Украинаның астық экспортына 1 млрд еуро бөлді

Қазірдің өзінде 15 миллион тоннадан аса азық-түлік тасымалданған

 Еркеғали Болатұлы 13.11.2022 | 10:15
фото: twitter.com/@nexta_tv

Еуроодақ, Дүниежүзілік банк, Еуропалық инвестициялық банк және Еуропалық Қайта Құру және даму банкі Украинадан астық әкету және елге отын мен әскери құрал-жабдықтарды әкелу үшін құрлық жолдарын дамытуға 1 млрд еуро бөлді. Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Бүгін біз ынтымақтастық желілерін дамытуға 1 млрд еуро инвестиция саламыз. Еуропалық комиссия Дүниежүзілік банкпен, Еуропалық инвестициялық банкпен және Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен күш біріктірді, – деді ол.

Фон дер Лейеннің айтуынша, «ынтымақтастық желілері» бидайды, жүгеріні, майлы дақылдарды және басқа да тағамдарды Украинадан жаһандық азық-түлік нарықтарына, сондай-ақ Киевке өмірлік маңызды түсімдерді беруге көмектесті.

Осы орайда, қазірдің өзінде 15 миллион тоннадан аса азық-түлік тасымалданған. Бұл Ресейдің Донбассты қорғау жөніндегі арнайы операциясы басталғаннан бергі украин экспорты жалпы көлемінің 60%-дан сәл азын құрайды.

«Ынтымақтастық желілері» – Украинаның Еуропамен және әлеммен сауда жасауының ең сенімді тәсілі. Украиналық фермерлер мен кәсіпкерлерге 15 миллиардтан аса осындай кірістер әкелді. Сондай-ақ олар Украина экономикасының Еуропалық Одаққа тығыз интеграциялануына ықпал етеді», – деп толықтырды сөзін Еурокомиссия басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама