Жыл басынан бері 97 мыңнан аса автомобиль сатылған
Биыл қазанда Қазақстанда 9 870 жаңа жеңіл көлік, 865 коммерциялық көлік сатылды. Бұл былтырмен салыстырғанда 4,9%-ға көп, деп хабарлады Қазақстанның автобизнес қауымдастығы.
2022 жылғы 10 айда елде 97 737 көлік сатылса, 2021 жылы 96 848 көлік сатылған.
Chevrolet 8 ай қатарынан көш бастап тұр: 3 137 көлік. Кейінгі орында Hyundai мен Kia автомобильдері.
Chery көліктері қазанда алғаш рет үздік төрттіктен көрінді: 670 бірлік. Одан әрі тізімде: Toyota, Exeed, Lada, JAC, Lexus және Haval. Қазанның қорытындысы бойынша ең көп сатылған көліктер:
Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша Chevrolet көшбасында тұр: 27 622 бірлік, екінші орында Hyundai – 22 435 бірлік, үшінші орында Kia – 11 135 бірлік.
2022 жылы ең көп сатылған үздік 10 көліктің қатарына Toyota, Lada, Chery, JAC, Lexus, Renault және Exeed енді.