Астана қаласы мен Қарағанды облысында газ бағасы арзандады
Бүгінде көгілдір отынды жеткізу үстемақысы да азайды
Астана қаласы мен Қарағанды облысы бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушылары үшін тауарлық газдың бағасы арзандады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде 4 қарашадан бастап, бұрын Астанада 1000 м3 үшін 34 550,69 теңге (ҚҚС-сыз) баға қолданыста болса, Қарағанды облысында 1000 м3 үшін 36 430,30 теңге (ҚҚС-сыз) болды. Бүгінде газдың бағасы 2,62 пайызға және 3,2 пайызға арзандады, – делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, КРЕМ өтініші бойынша компания құжаттарды қыркүйек айында сараптамаға ұсынды. Оның қорытындысы бойынша КРЕМ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның жеткізу үстеме ақысын Астана қаласының тұтынушылары үшін 35,21%-ға, ал Қарағанды облысының тұтынушылары үшін 32,15%-ға азайтты.