Қаржыгерлер 2023 жылғы доллар бағамына болжам жасады

Бауыржан Мұқанов

Мұнайдың қымбаттауы экономиканы өсіруі екіталай

Фото: Halyq Uni

Мұнай бағасының өсуіне қарамастан, бір жылда экономикалық өсім 3,2%-дан 2,7%-ға дейін төмендейді. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы сарапшылары мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Экономикалық өсімнің бәсеңдеуіне тау-кен өндірісіндегі іскерлік белсенділіктің төмендеуі ықпал етіп отыр. 

Қаржы нарығы сарапшыларының пікірінше, 2023 жылдың соңына қарай мұнай бағасы барреліне 98,5 доллардан 102,4 долларға дейін көтерілуі мүмкін. Оның себебі ОПЕК+ ұйымының өндіріс көлемін қысқартуы, Ресей Федерациясынан мұнайға «бағаның шекті деңгейін» енгізу мүмкіндігі, сондай-ақ Қытайдағы қатаң ковидтік шектеулердің алынуы болуы мүмкін.

Ұлттық валюта бағамына келетін болсақ, мұнайдың алдағы уақытта қымбаттау мүмкіндігі, сондай-ақ Ұлттық банктің базалық мөлшерлесінің 16 пайызға көтерілуі дамыған елдердің валюталарына шаққандағы пайыздық мөлшерлемелерінің дифференциалдылығы теңгеге оң әсер етуі тиіс. 

Сарапшылардың болжамынша, Ұлттық банк алдағы уақытта әлі де базалық мөлшерлемені көтеруі мүмкін екенін мәлімдегенімен, экономикалық өсімнің бәсеңдеуі мөлшерлемені керісінше төмендетуге мәжбүрлеуі мүмкін. 

Желтоқсан айының басына қарай USDKZT жұбының орташа бағамы бір долларға шаққанда 469,5 теңге, ал алдағы бір жылда 490 теңге шамасында болады деп болжануда.