Halyq Uni логотип
×

Тоқаев Макронмен не туралы сөйлесті

Олар тұрақты байланыс жасап тұруға келісіпті

 Халық үні 27.02.2022 | 18:30
Тоқаев Макронмен не туралы сөйлесті
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы телефон арқылы келіссөздер жүргізді. Француз тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. 

Әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ахуал талқыланды. Мемлекет басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келісті, – дейді Ақорда.

Кеше Тоқаев Еуропа одағының Президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама