Халықаралық жағдай инфляцияға өз әсерін тигізіп отыр – Тоқаев
Елдегі шикізаттық емес экспорт 40 пайызға өсті
Сарапшылар халықаралық жағдай инфляцияға өз әсерін тигізіп отырғанын айтып отыр. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуінде мәлімдеді деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшысы жиын барысында еліміз ашық экономика қағидатына берік болып қала беретінін айтты.
Әлемнің 180 елімен сауда жасаймыз. Жаһандық экономикалық қиындықтарға қарамастан, біздің шикізаттық емес экспортымыз шамамен 40 пайызға өсті. Біз алдағы уақытта да инвестиция тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылық позициямызды нығайта береміз, – деді президент.
Оның айтуынша, биылғы 6 айда шетелдік серіктестеріміз еліміздің экономикасына шамамен 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылған. Бұл былтырғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 30 пайызға көп.
Сонымен қатар бізді шетелдік азық-түлік импортының жоғары деңгейі алаңдатады. Бұл инфляцияның өсуіне алып келеді. Сарапшылар Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал ететінін айтып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.