Отбасы банк басшысы өтемақы қандай депозиттерге берілетінін айтты

Айнұр Шошаева

Өтемақы 2023 жылдың 24 ақпанынан кейін аударылады

коллаж: Halyq Uni

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова 2022 жылы теңгелік депозиттерді өтеу бағдарламасына қатысты қойылып жатқан бірқатар сұраққа жауап берді.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банкі депозиттерін теңгемен ұстайтын қазақстандықтарға бюджет есебінен 10% өтемақы төленетінін мәлімдеді. Бір реттік бағдарламаға мерзімді немесе жинақ депозиттері ретінде ресімделген теңгелік депозиттері бар жеке тұлғалар қатысады.

Ляззат Ибрагимованың мәліметінше, «Отбасы банкінде» барлық депозиттер тұрғын үй-құрылыс жинақтары шарты ретінде ашылады, сондықтан банк салымшыларының автоматты түрде бағдарламаға қатысуға құқығы бар. Дегенмен, өтемақы барлық депозитке берілмейді.

Ағымдағы шоттар, карточкалық шоттар, талап етілгенге дейінгі депозиттер және шартты депозиттерге өтемақы есептелмейді. Кез келген уақытта кез келген соманы алу мүмкіндігі бар депозиттердің көпшілігі талап етілгенге дейінгі депозиттерге жатады. Карточкаларда жиналған ақша депозитке қатысы жоқ, - деп жазды банк басшысы.

Өтемақы 2023 жылдың 24 ақпанынан кейін, 7-10 күн ішінде аударылады деп жоспарланған. Бұған қоса, Ибрагимова өтемақының қалай есептелетінін түсіндірді.

«Өтемақы 24 жылдың 2022 ақпанында депозит қалдығының сомасына есептеледі. Мысалы, сіздің депозитіңіздегі қалдық 1 млн 200 мың теңге болса, 2023 жылдың ақпан айының соңында қосымша 120 мың теңге аласыз, бұл ретте сізде 2023 жылдың 24 ақпанына дейін ең төменгі қалдық 1,2 млн теңге болуға тиіс. Бір жыл ішінде алынған депозиттер бағдарламаға қатыспайды», - деді.

Бұған қоса, бір салымшының бірнеше депозиті болса өтемақы барлығына беріледі. Тек әр банктегі жинақ сомасы 20 млн теңгеден аспауы керек.

«Егер салымшының екі және одан да көп банктерде жинағы болса өтемақыны барлық банктен ала алады. Бірақ әр банктен ең көп дегенде 2 млн теңге алады. Өтемақы алу үшін өтініш беру керек болады деп жоспарлануда, бірақ мәселе талқыланып жатыр. Қазір өтінімдер қабылданбайды, сондықтан ешқайда барудың қажеті жоқ. «Отбасы банк» өтінімдерді қабылдау кезінде СМС-хабарлама жібереді, барлығы онлайн жүргізіледі. Сондай-ақ өтемақыны автоматты режимде жасау ұсынылады, өйткені бұл депозиттік шарттың талаптарын жақсартуды болып отыр», - деп қосты Ибрагимова.

Сонымен бірге, ол «Отбасы банктегі» депозитін кепілге қойып заем алған салымшыларға өтемақы төленбейтінін айтты. Оның себебін банк төрайымы салымшының баспана алып, тұрғын үй мәселесін шешуімен түсіндірді.

«Мысалы, 2016-2017 жылдары өтемақыны төлеу кезінде, девальвациядан кейін өтемақы бағдарламасына аралық және алдын ала алынған қарыздар бойынша кепілде болған депозиттер қатыспаған. «Отбасы банк» депозиттері бойынша ереже жарияланғаннан кейін қосымша түсініктеме беретін болады», - деді ол.

Банк төрайымының мәліметінше, әзірге 2022 жылы тұрғын үй заемын алуды жоспарлап отырғандарға салымшыларға өтемақы беру мәселесі шешілген жоқ.

«Бұл сұраққа мемлекеттік органдар әзірлеген ережелер жарияланғаннан кейін нақты жауап бере аламыз. Егер өткен өтемақының тәжірибесіне сүйенетін болсақ, ол кезде төлемдер жүргізілді. «Отбасы Банк» 24.02.2022 күннен бастап кепілде болған салымдарға өтемақы төлемеу тәсілін ұсынатын болады. 24.02.2022 кейін кепілде болатын және 2023 жылғы ақпанда өтемақы есептелгенге дейінгі депозиттерге беріледі. Бірақ өтемақы ережелерінің ресми жариялануын күткен дұрыс», - деп түйіндеді жазбасын Ләззат Ибрагимова.