×

Алматы облысында 4,3 млрд монополиялық табыс тапқан компания тергеуге ілікті

Экономиканы демополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

 Динара Амантай 01.11.2022 | 09:32
Фото: inbusiness.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру және мұнай-газ саласындағы шараларды іске асыру мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша, Алматы облысындағы коммерциялық көлік-логистикалық компаниялардың бірі айрықша жағдайын пайдаланып, 2021 жылғы сәуір мен желтоқсан аралығында шамамен 4,3 млрд теңгеге монополиялық табыс тапқан. Компанияға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ биыл қазан айында жеке меншік ұйым басшылығы еншілес ЖШС-дегі қатысу үлесінің 100%-ын мемлекетке сыйға беру туралы өтініш түсірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама