Алдағы уақытта ағылшындар көгілдір отынды АҚШ-тан алуы мүмкін
Ұлыбритания Үкіметі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейден сұйытылған табиғи газды импорттауға тыйым салады.
Ұлыбритания 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейден сұйытылған табиғи газды импорттауды толығымен тоқтатып, дүние жүзіндегі елдерге ресейлік газға тәуелділікті азайтуға көмектеседі. Біз Путинді заңсыз соғысты қаржыландыру мүмкіндігінен айырамыз, – делінген хабарламада.
Bloomberg агенттігінің хабаралуынша, Ұлыбритания Үкіметі елге отын жеткізетін мемлекеттерді іздестіріп жатыр. Алдағы уақытта ағылшындар сұйытылған табиғи газды АҚШ-тан алуы мүмкін. Ол үшін 20 жылдық келісім-шарт жасау жоспарланып отыр.