Бас банк базалық мөлшерлемеге қатысты келесі шешімін наурызда жариялайды
Ұлттық банктің мәлімдеуінше, бүгін түскі сағат 13:00-ге дейін 104 млн долларға валюталық интервенция жасалған. Ал осы апта ішіндегі валюталық интервенция көлемі 137 млн долларға жеткен.
Ұлттық банктің базалық мөлшерлемеге қатысты ендігі шешімі 9-наурызда жарияланбақ.
Бүгін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық ставканы +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен 13,5% деңгейінде белгілеу туралы кезектен тыс шешім қабылдады. Шешім 2022 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді.
Еске салайық, 24 қаңтарда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 10,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған.
22 ақпанда Қазақстан Ұлттық банкі 33 миллион долларға валюталық интервенция жасады.
Қазір елорданың бірқатар ақша айырбастау орындарында доллар 460-470 теңге аралығында сатылып жатыр.