×

Ұлттық банк 104 млн долларға валюталық интервенция жасады

Бас банк базалық мөлшерлемеге қатысты келесі шешімін наурызда жариялайды

 Ербол Тұрымбет 24.02.2022 | 13:56
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, бүгін түскі сағат 13:00-ге дейін 104 млн долларға валюталық интервенция жасалған. Ал осы апта ішіндегі валюталық интервенция көлемі 137 млн долларға жеткен.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемеге қатысты ендігі шешімі 9-наурызда жарияланбақ.

Бүгін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық ставканы +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен 13,5% деңгейінде белгілеу туралы кезектен тыс шешім қабылдады. Шешім 2022 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді.

Еске салайық, 24 қаңтарда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 10,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған.

22 ақпанда Қазақстан Ұлттық банкі 33 миллион долларға валюталық интервенция жасады. 

Қазір елорданың бірқатар ақша айырбастау орындарында доллар 460-470 теңге аралығында сатылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды
21.03.2023 | 20:45

Абай облысында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды
21.03.2023 | 19:50

Маңғыстау облысында 12 ауыл ауыз сумен қамтылды

Өңірде су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр
21.03.2023 | 17:35

Алматыда студент жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы 4 рет хабарлама жіберген

Дәлелдемелерді ұсынғаннан кейін ол өз кінәсін мойындады
21.03.2023 | 16:39