Halyq Uni логотип
×

Мухоряпов қосымшаларының AppStore-дегі рейтингі бір-ақ күнде құлдырап кетті

Бұдан елімізде қазақ тілінің экономикалық маңызды факторға айналғанын байқауға болады

 Еркеғали Болатұлы 23.10.2022 | 16:10
Мухоряпов қосымшаларының AppStore-дегі рейтингі бір-ақ күнде құлдырап кетті
коллаж: tv7.kz

Кәсіпкер Рамиль Мухоряпов «Қазақ тілінде сөйлеу – мәдениетсіздіктің белгісі» деген сөзі үшін қоғам тарапынан қатты қарсылыққа ұшыраған еді. Енді міне, Талғат Қалиев атты азамат Facebook-тегі парақшасына оның қосымшаларының қатты құлдырауға ұшырағанын жазып отыр.

Осы оқиғадан кейін Мухоряповтың Chocolife компаниясының AppStore жүйесіндегі рейтингі 4,6-дан 2,4-ке бір-ақ құлдыраған. Ал Aviata.kz 3,7-ге, Chocofood 4,2-ге құлдырап, рейтингісін жоғалтқан. Әзірше Сhocotravel ғана өз позициясын сақтап тұр екен. Алдағы уақытта ол құлдырауды бастан кешсе, таңқалмаймыз. Бұл құлдыраулар бір күннің ішінде болғанын айта кетуіміз керек, – дейді Талғат Қалиев.

Егер Мухоряпов компанияларының рейтингі 1-ге түссе, оны AppStore автоматты түрде өз жүйесінен шығарып тастауы мүмкін. Әрине оның бұл жағдайға мемлекеттік тілге қатысты орынсыз пікірі салдарынан ұшырап отырғаны сөзсіз. Осыдан-ақ елімізде қазақ тілінің экономикалық маңызды факторға айналғанын байқау қиын емес.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама