×

Елімізде АЭС салуға шамамен қанша ақша кететіні айтылды

Әзірге АЭС жобасын қаржыландыруға дайын инвестор жоқ

 Ербол Тұрымбет 23.02.2022 | 15:13
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жаслан Касенов ОКҚ-да өткен брифинг барысында Қазақстанда АЭС салуға шамамен қанша қаржы жұмсалатынын атады.

Департамент басшысы халықаралық тәжірибені негізге алып, қуаттылығы 1000-1200 мегаватт болатын бір энергоблок құрылысы шамамен 5 миллиард доллар тұратынын айтты.

Бұл халықаралық тәжірибе екенін, атом электр станциясын салудың әлемдік нарығы көрсетіп отырған баға екенін тағы да айтамын. Әрине, дәлірек соманы нақты мердігерді анықтағаннан кейін және келіссөздер барысында ғана анықтауға болады. Бұл көптеген факторға байланысты, - деді Касенов.

Бұған дейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов әзірге жобаны қаржыландыруға дайын инвестор жоқ екенін айтқан. Одан бөлек, министр АЭС салу мәселесі оң шешімін тапқанда қоғамдық тыңдаулар өтеді деп сендірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Петропавлда бизнесмендерге қамқорлық жасаған полиция бастығы 7 жылға сотталды

Ол кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша жинаған
09.06.2023 | 16:16

«Болашақ» бағдарламасына үміткерлер француз тілі курстарынан тегін өте алады

Тілдік дайындық Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы Француз Альянсының орталықтарында жүргізіледі
09.06.2023 | 16:06

«Бүкіл құрылысты тоқтату керек»: депутаттар Астанадағы су тапшылығы жайлы

Қазақстандықтар суды үнемдеп пайдалануды үйренуі керек
09.06.2023 | 15:45

Президент Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еурокомиссармен кездесті

Биыл жыл басында Еуропалық Одақпен дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды
09.06.2023 | 15:28