×

Елімізде бір доллардың бағасы 437 теңге дейін күрт өсті

Ұлттық банк 33 миллион долларға интервенция жасады

 Айнұр Шошаева 23.02.2022 | 11:56
фото: kapital.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы күрт өсті. Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 22 ақпан кешімен салыстырғанда 3,23 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 437, 35 теңге болды. Ұлттық банктің 23 ақпандағы ресми бағамы – бір доллар үшін 433, 39 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 437,08 теңгеден сатылса, сатып алу – 438,89 теңге. Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 436,77 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 438, 48 теңге.

Кеше Қазақстан Ұлттық банкі 33 миллион долларға валюталық интервенция жасады. Ұлттық банк қаржы нарығындағы жағдайды, Украинаға қатысты жағдайды мұқият қадағалап отырғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама