Halyq Uni логотип
×

Елімізде өнер мен ойын-сауықты қаржыландыру көрсеткіші тағы төмендеді

Сектордағы инвестициялардың жартысынан көбі үш өңірге ғана тиесілі

 Еркеғали Болатұлы 20.10.2022 | 14:46
Елімізде өнер мен ойын-сауықты қаржыландыру көрсеткіші тағы төмендеді

Еліміз бойынша өнер және ойын-сауық секторында жалақы төменгі орында деп хабарлады Finprom сайты.

ҚР экономикасына салынған жалпы инвестициялар көлемі бір жылда 11,6 пайызға өскеніне қарамастан өнер, ойын-сауық саласына салынған инвестиция көлемі төмен. Биыл қаңтар-тамызда өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 93,9 млрд теңгені құрады. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 3,9 пайыз аз көрсеткіш.

Сектордағы инвестициялардың жартысынан көбі үш өңірге ғана тиесілі. Астана – 27,2 млрд теңге, Түркістан облысы – 18,5 млрд теңге және Шымкент 6,8 млрд теңгені құрады.

Банктердің өз қаражаты мен кредиттері есебінен өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы инвестициялар 43,8 млрд теңгені құрады. Бір жыл бұрын ол 63,7 млрд теңге болды.

Республикалық және жергілікті бюджеттерге 22,1 млрд теңге және 27,2 млрд теңге түсті. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 81,9 және 28,8 пайызға артық. Банктік емес қарыз қаражатына 821,4 млн теңге түсті, 10,6 пайыз өсім байқалады.

2022 жылы өнер және көңіл көтеру саласындағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 174,9 мың теңгені құрады. Ол – елдегі орташа жалақыдан 41,4 пайызға аз. Бұл – ҚР бойынша ең төменгі көрсеткіштердің бірі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама