×

Ұлттық банк 33 миллион долларға интервенция жасады

Ұлттық банк Украинаға қатысты жағдайды мұқият қадағалап отыр

 Ербол Тұрымбет 22.02.2022 | 18:53
көрнекі фото: afk.kz

Қазақстан Ұлттық банкі 33 миллион долларға валюталық интервенция жасады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.

Молдабекова қазіргі жағдайға байланысты ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақты сақтау үшін Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізіп жатқанын айтты.

Қазіргі уақытта олардың көлемі 33 миллион доллар, жалпы сауда көлемі 155 миллион доллар, бұл барлық сауда-саттықтың шамамен 20 пайызы, - деді ол.

Төраға орынбасары Ұлттық банк қаржы нарығындағы жағдайды, Украинаға қатысты жағдайды мұқият қадағалап отырғанын атап өтті.

«Нарықтың одан ары серпіні көбіне санкциялардың сипаты мен тереңдігіне және олардың Ресей экономикасына әсеріне байланысты», - деп қосты ол.

Еске салайық, қазір елорданың бірқатар ақша айырбастау орындарында доллар 440 теңгеден, Алматыда 441 теңгеден сатылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 11 отбасы материалдық көмек алды

Комиссия үйлер мен аула аумақтарын тексеруді жалғастырып жатыр
01.04.2023 | 09:14

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта 5,1 магнитудалық жер сілкінісі болды

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ
01.04.2023 | 08:33

«70 мың доллар берді»: Ғабидолла Әбдірахымов әншінің сөзіне алғаш рет пікір білдірді

Әнші Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Ғабидолла Әбдірахымовпен жақын қатынаста болғанын айтқан еді
01.04.2023 | 07:45