Қазақстанда шағын бизнесті тексеруге мораторий уақыты тағы ұзартылады

Халық үні

Ұлттық экономика министрлігі құжатты талқылауға шығарды

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда ағын бизнесті тексеруге тыйым салатын мораторий уақыты 2024 жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Ұлттық экономика министрлігі осындай ұсыныс көрсетілген құжатты «Ашық НҚА» порталында талқыға шығарды.

«Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеру және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын. Оған кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер жатпайды», - делінген ведомство хабарламасында.

Аталмыш жобаны қоғамдық талқылаудың мерзімі 2022 жылдың 2 қарашасына дейін жалғасады.