Айналым 1 млрд долларды құрады
2021 жылы Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,8%-ға жоғары (0,8 млрд АҚШ доллары).
Мәселен, Қазақстаннан Украинаға экспорт 2021 жылы 35,5% - ға өсіп, 575,2 млн АҚШ долларға жетті. Экспорттың негізгі тауарларына мыналар жатады: табиғи газ, тас көмір, аралас минералдық тыңайтқыштар, азот тыңайтқыштары, өңделмеген мырыш, ферроқорытпалар, өңделген дәнді дақылдар дәндері, қоспаланбаған болаттан жасалған жалатылған жазық илек, күкірт, инсектицидтер, гербицидтер, – дейді Сауда және интеграция министрлігі.
Украинадан Қазақстанға импорт та өсім көрсетті. 2021 жылы оның көрсеткіштері 25,4%-ға өсіп, 451,4 млн доллар құрады. Украина импортының негізгі өнімдеріне мыналар жатады: уыт сығындысы, ұннан жасалған тамақ өнімдері, жарма, крахмал, дәрі-дәрмектер, үй құс еті, кондитерлік өнімдер, топырақты дайындауға және өңдеуге арналған ауыл шаруашылық машиналары, шоколад, ірімшік және сүзбе, тұсқағаздар әрі басқа да қабырға жабындары.