×

Биыл ақылы жолдардан қанша ақша түсті?

2025 жылға дейін 15 мың шақырым жол ақылы болады

 Дәурен Ерболат 17.10.2022 | 10:36
Фото: liter.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жыл басынан бері ақылы жолдардан қанша ақша түскенін айтты деп хабарлады Halyq Unі тілшісі.

Бүгінде елдегі ақылы жол учаскелерінің ұзындығы – 2,2 мың шақырым. Жыл басынан бері жалпы 4 млрд теңге түсті. Автожолдарды өзін-өзі ұстау және ауыстыру үшін ақылы жолдарды нормативті жағдайда келтіргеннен кейін ұзындығы 2,5 мың шақырым екінші санаттағы автожол учаскелерін енгізу жоспарланып отыр... 2025 жылға дейін жол учаскелерін реконструциялаудың аяқталуына қарай, 15 мың шақырым жолға ақылы төлем жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жоспарланған, - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, биыл 9 айда 10 мыңға жуық жол тексеріліп, 5 мың заңбұзушылық анықталды.

«Жүргізілген сараптамалар нәтижесінде 2 жол салу және жөндеу жөніндегі мердігер ұйым лицензиясынан айырылды. 17 техникалық қадағалауды жүзеге асыратын инженерлердің қызметі тоқтатылды. Техникалық қадағалау қызметтері мен мердігерлерге 29 млн теңге айыппұл салынды. Мердігерлік ұйымдар 2 млрд теңгеге жұмыстарды қайта жүргізді», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама