×

Қырғызстаннан келетін фуралардың көбінен Қытайдың заңсыз тауары анықталып жатыр

Қытай тауары Қазақстанға Қырғызстан арқылы ағылып жатыр

 Айнұр Шошаева 22.02.2022 | 11:49
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанға Қырғызстаннан келетін тауардардың 90% - мәлімделмеген Қытай тауарлары. Бүгін үкіметте кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша баяндама жасаған Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Қытай Халық Республикасымен шекарада әкімшілендіруді күшейтуге байланысты Қытайдан Қырғызстанға тауарлар импортының ағылуы байқалады. Биылғы жылдың басынан бастап Қырғызстанға Қытай импортының 5 есеге өсуі, Қырғызстаннан Қазақстанға импорттың 2,5 есеге өсуі тіркелді. Бұдан басқа қазір Қытаймен шекарада 900-ге жуық автокөлік, ал уақытша сақтау қоймаларында 1200-ге жуық автокөлік әкімшілендіруді жеңілдетуді күтіп отыр, – деді Жамаубаев. 

Министрдің мәліметінше, жыл басынан бері шекара маңындағы бекеттер бойынша кедендік төлемдер мен салықтар түсімі 23%-ке, ал көлемі – 26%-ке азайған.

«Экономикалық қауіпсіздікті қорғау мақсатында Қырғызстаннан тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілерге қатысты тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы ішінара салықтық тексеру жүргізіледі. Тексеру нәтижесі бойынша, заң бұзушылықтар 90%-тен астам жағдайда расталуда. Жыл басынан бері 538 автокөлік тексерілді, оның 506-сы бойынша мәлімделмеген Қытай тауары анықталды», - деп қосты ол. 

Оның айтуынша, қазір Қырғызстан мен Ресей әріптестерімен электрондық шот-фактуралар мен тауарларға ілеспе жүкқұжаттар алмасу арқылы бақылау жүргізу туралы келісімге қол жетті.

Бүгін Премьер-министр кеден саласындағы заң бұзушылықтар үшін айыппұлды көбейтуді тапсырған болатын. Бұған дейін ЕАЭО нарығында Қытай тауарларының заңсыз айналымы ұлғайып баратыны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ақтөбедегі қанды оқиға: марқұмдардың туысы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Енесі қаралы хабарды таң ата тәртіп сақшыларынан естігенін айтады
30.03.2023 | 01:44

Ақтөбе облысында қайғылы жағдай болды: шетелдік ерлі-зайыпты көз жұмды

48 жастағы жүргізуші және оның 49 жастағы әйелі оқиға орнында көз жұмды
29.03.2023 | 23:45

Түркістанда 4 күн бұрын жоғалған 11 жасар қыз видеоға түсіп қалған

Видеода Інжу Ескермес құрбысымен бірге жолдың бойымен кетіп бара жатыр
29.03.2023 | 22:26

Ақтөбедегі қайғылы жағдай: әйелдің бұрынғы күйеуі бір күн бұрын өз-өзіне қол салған

Полицияға қыз бала телефон шалып көмек сұраған
29.03.2023 | 21:38