Halyq Uni логотип
×

Ертең елімізде утилизация алымының мөлшері жарияланады

Алдымен автомобиль және ауыл шаруашылығы техникалары үшін алым бекітіледі

 Ербол Тұрымбет 22.02.2022 | 11:45
Ертең елімізде утилизация алымының мөлшері жарияланады
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде утилизациялық алым мөлшері қашан жарияланатынын айтты.

«Ертең автомобиль және ауыл шаруашылығы техникалары үшін утиль алым мөлшерлемесі жарияланады. Ал «Оператор ӨКМ» компаниясынан мемлекетке берілген ақша туралы ақпарат бәріне мәлім деп ойлаймын. «Оператор ӨКМ»-нің екінші деңгейлі банктердегі шоттарында шамамен 220 млрд теңге болған. Қаулы бойынша бұл ақша «Жасыл дамуға» берілді. Ол ақшаның қаншасы жеңілдетілген автонесиеге бөлінетіні заңнама нормалары бойынша қараймыз», - деді министр.

Ал кабель-өткізгіш өніміне кәдеге жарату алымын алуды 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтата тұру жөнінде шешім қабылданды.

18 қаңтарда үкімет утилизация алымы бойынша қаулы қабылдап, «ӨКМ операторының» утилизация алымын басқару қызметі тоқтады. Құжатқа сәйкес, «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып айқындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама