Halyq Uni логотип
×

Елордада майнинг фермасы электр желісіне заңсыз қосылған

Олар төрт ай ішінде 48 мың доллар, яғни 21 млн теңге табыс тауып үлгерген

 Қымбат Елтайқызы 21.02.2022 | 16:00
Елордада майнинг фермасы электр желісіне заңсыз қосылған
фото: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігінің астаналық департаментінің қызметкерлері электр желісіне заңсыз қосылған майнинг фермасын анықтады.

Тексеріп-қарау барысында bitcoin цифрлық криптовалютасын өндіруге арналған 159 дана майнинг жабдығы табылды, – дейді ҚМА.

Бұл фермада 2021 жылғы қарашадан бастап 2022 жылғы ақпан аралығында 48 498 АҚШ доллары (21 145 128 теңге) мөлшерінде өндірілген криптовалюта қолма-қол ақшаға айналған.

Қазақстанда бес күнде 13 майнинг фермасы анықталған болатын. Бұған қоса Алматы облысында мемлекетке 131 млн теңге залал келтірген майнинг фермасы әшкереленген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама