×

Енді қант бағасы өспейді – Сауда комитеті

Еліміз өндіріс көлемін ұлғайтпақ

 Дәурен Ерболат 12.10.2022 | 17:50
Фото: uralskweek.kz

Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев Қазақстанда қант бағасы өспейтінін айтты деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, 2028 жылға қарай отандық өндірістен шыққан қызылшадан жасалатын қант көлемі көбейеді.

Нәтижесінде алдағы уақытта қант тапшылығы қайталанбайды. Оның бағасы 500-510 теңге аралығында болады. Егер отандық қызылшадан жасалатын қант көлемі өссе, онда қанттың бағасы түседі, - деді Ержан Қазанбаев, Астанада өткен қант зауыттары басшылары мен Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері қатысқан жиында.

Сондай-ақ ол жыл соңына дейін қант өндіруге қажет шикізат шет елдерден жеткізілетінін атап өтті. 2028 жылға қарай Қазақстан импортты азайтып, қант қызылшасының егістік көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама