×

Қазақстандағы АЭС құрылысы: 8 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Салық түсімдері артады

 Дәурен Ерболат 12.10.2022 | 15:14
Фото: naked-science.ru

Елімізде атом электр станциясын салу 8 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Қазақстан атом электр станциялары» компаниясының бас менеджері Асуан Сиябеков айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, АЭС құрылысының мультипликативті әсерін 4 негізде қарастыруға болады: әлеуметтік, техникалық, экономикалық және экологиялық.

Нысанды салу барысында 8 мың адамға дейін жаңа жұмыс орнын ашуға және оны пайдалануға бергенде 2 мың білікті маманды жұмысқа тартуға мүмкіндік туады. Жалпы АЭС салу экономиканың басқа салаларында 10-нан аса жұмыс орнын ашуға жол ашады, - деді Асуан Сиябеков.

Бас менеджер атом электр станциясы іске қосылса, салық түсімдері артып (2,5 - 3 млрд доллар), елдің инвестициялық тартымдылығы күшейеді деген пікірде. Сондай-ақ парниктік газдар шығарындылары жылына 10 млн тоннаға азаяды.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның АЭС жобасын жүзеге асыруға кіріскені туралы хабарланған еді. Атом электр станциясы Балқаш көлі маңындағы Үлкен елді мекенінде салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама