Бас прокуратурада елден заңсыз шығарылған қаражатты қайтарумен айналысатын қызмет құрылды
Ол барлық мемлекеттік органның қызметін үйлестіруге мүмкіндік береді
Бас прокуратурада Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаражатты қайтарумен айналысатын қызмет құрылды деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының елден заңсыз шығарылған қаражатты қайтару, сондай-ақ экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде бұл бағыттағы барлық мемлекеттік органның қызметін үйлестіру үшін Қазақстан президентінің 2022 жылғы 3 қазандағы №1029 Жарлығымен Бас прокуратурада халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі құрылды, - деп жазылған хабарламада.
Бұл өзгерістер елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауға мүмкіндік береді.
«Құрылған қызметтің негізгі міндетіне экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға және тауар нарығын монополиясыздандыруға, сондай-ақ шетелден заңсыз активтерді репатриациялауға ықпал еткен жағдайларды анықтау бойынша жүйелі шараларды әзірлеу және іске асыру кіреді», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Премьер-министр Әлихан Смайылов шетелге 500 млрд теңге шетелге шығарылғанын айтқан еді.