×

Жеті жыл іздестірілген қазақстандық алаяқ БАӘ-ден экстрадицияланды

Ол еліміздің кәсіпорындарынан 60 млн теңге жымқырған

 Халық үні 20.02.2022 | 21:00
коллаж: Halyq Uni

Ішкі істер министрлігі Интерпол ұлттық орталық бюросы, Дубай қаласындағы ҚР Бас консулдығы және Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, 2015 жылдан бері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздестірілген 43 жастағы қылмыскер Төлеген Рамеевті Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға қайтарды. Келтірілген шығын сомасы 60 млн теңгеден асады. Қазір айыпталушы қамауға алынды.

Соңғы үш айда Интерпол жұмысының нәтижесінде Испания, Ресей, Бахрейн, БАӘ, Грузия, Венгрия мен тағы басқа ел аумағынан түрлі қылмыс үшін іздестірілген 16 адам анықталып, ұсталды, – дейді полиция.

Мысалы, қаңтарда Венгрияда хакерлік жолмен қаражат ұрлағаны үшін Алматының полиция департаменті іздестірген Румыния азаматы құрықталды. Ол трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында Қазақстан, Ресей, Тай, Украина, Әзірбайжан, Тайвань банктерінің шоттарына заңсыз қол сұғып, қаржыны банк карталарына аударып, оларды қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Шығын сомасы 9 млн доллардан асады. Оны елімізге беру туралы мәселе шешіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Бензема жаңа клубты таңдады

«Әл-Иттихад» футболшыға 2 жылға келісімшарт ұсынып, 200 млн еуро санап береміз деп отыр
05.06.2023 | 17:23

Павлодар облысында алаяққа сенген зейнеткер 13 млн теңгесінен айырылды

Жыл басынан бері 9 павлодарлық осындай схема бойынша алданған
05.06.2023 | 16:55

Президент Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

Сот жүйесін жаңғырту жұмысының барысы таныстырылды
05.06.2023 | 16:48