Норвегия Ресей кемелерінің балыққа шығуына шектеу қойды
Енді Ресей кемелері жіті тексерістен кейін тек 3 портқа кіре алады
Норвегия Ресейдің балық аулау кемелерінің өз порттары арқылы өтуін шектеді. Скандинавия мемлекеті өткен аптада Солтүстік ағын газ құбырында болған апаттан кейін қауіпсіздікті осылайша күшейтіп отыр.
Енді Ресей кемелері жіті тексерістен кейін Норвегияның тек 3 портына кіре алады. Басқа айлақтарға жол жабылды.
Елдің Сыртқы істер министрі Анникен Хюитфельдттің айтуынша, мұндай шара Ресейге транзитпен заңсыз тауар тасымалдауға жол бермеу үшін қажет.