Halyq Uni логотип
×

Алматыда бизнес ашу үшін грант кімдерге беріледі?

Оларға 1 млн 225 мың теңге қайтарымсыз негізде беріледі

 Дәурен Ерболат 07.10.2022 | 13:13
Алматыда бизнес ашу үшін грант кімдерге беріледі?
Фото: kazday.kz

Алматы қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Сағындық Кенжебаев кәсіп ашу үшін мемлекеттік гранттың кімдерге берілетінін түсіндірді деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл қалада 25 мамандық бойынша 1 мың адамды оқыту жоспарланған. Курс 6 айға жоспарланған. Жобаға қатысушылар 21 мың теңге көлемінде стипендия алады. Оқу аяқталған соң жұмыс беруші оларды жұмыспен қамтамасыз етуге (кемінде 1 жыл) міндетті.

Бүгінде кәсіптік оқыту курстарына 1003 адам жіберілді. Оның ішінде 659 адам оқуды аяқтап, 499 адам алған мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылды, - деді Сағындық Кенжебаев өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Орталық директоры кәсібін ашқысы келетіндерге мемлекеттен грант берілетінін атап өтті.

Оларға жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде 400 АЕК (1 млн 225 мың 200 теңге) көлемінде мемлекеттік грант беру көзделген. Ақша жаңа бизнесті ашу және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Грант ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, сондай-ақ жекелеген әлеуметтік санат тобына (29 жасқа дейінгі кәсіпкерлер, Атаулы әлеуметтік көмек және көпбалалы, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушылар, қандастар, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған мүгедектігі бар адамдар) беріледі, - деді басшы.

Қазір 483 үміткер грант алған. Тағы 1086 үміткерге грант беріледі деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, грант қаржысымен кредитті жабуға, жылжымайтын мүлік сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге болмайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама