Қазақстан мен Иран сауда-саттықты 3 млрд долларға көбейтуге келісті
Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 85,1%-ға өсіп, 441 млн долларға жетті
Мәскеуде өтіп жатқан екінші Каспий экономикалық форумында премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбер екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.
Иранмен тату көршілік қатынастарды дамыту – Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтарының бірі.
Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 85,1%-ға өсіп, 441 млн долларға жетті. Қазіргі уақытта Қазақстаннан Иранға 154 тауарды экспортталып жатыр.
Қазақстан ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті дамытуға және азық-түлікпен өзара қамтамасыз етуді ұлғайтуға үлкен мән береді.
«Екі елдің АӨК өнімінің тауар айналымын 1 млрд долларға дейін көбейтуге мүмкіндігі бар. Осы міндетті іске асыру үшін көлік дәліздерін және ауыл шаруашылығы тауарларын өзара жеткізуді пысықтап жатырмыз», – деді Әлихан Смайылов.
Екі елдің өзара іс-қимылының тағы бір негізгі бағыты – көлік-логистика саласы. Бұл жөнінде премьер-министр инфрақұрылымдық шектеулерді жоюға, локомотивтік тасымал қуатын және шекарадағы тауарларды түсіріп, қайта тиеу мүмкіндіктерін арттыруға баса көңіл бөлуді ұсынды.
Өз кезегінде Мохаммад Мохбер өзара сауданы 3 млрд де долларға дейін көбейтуге, сондай-ақ көлік-логистика және қаржы-банк, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ салаларында және энергетикада өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделі екендіктерін атап өтті.