Halyq Uni логотип
×

ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін тәулігіне 2 млн баррельге азайтуға келісті

ОПЕК+ елдерінің 19-шы кеңесінде мақұлданған базалық деңгей бекітілді

 Халық үні 06.10.2022 | 10:15
ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін тәулігіне 2 млн баррельге азайтуға келісті
көрнекі фото: ашық дереккөзден

ОПЕК+ елдері биылғы қараша айынан бастап мұнай өндірісін тәулігіне 2 млн баррельге азайтуға келісті. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінен хабарланды.

5 қазанда Вена қаласында (Австрия) ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы өтті. Оған Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты.

Отырыс барысында елдердің тамыз айында Келісім міндеттемелерін орындауы талқыланды. Келісімді 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ қатысушы елдер осы жылдың қараша айынан бастап мұнай өндірісін (2022 жылдың тамыз айының деңгейінен) тәулігіне 2 млн баррельге азайтуға келісті.

Бұдан бөлек, ОПЕК+ елдерінің 19-шы кеңесінде мақұлданған базалық деңгей бекітілді.

Мониторинг комитетінің отырысын – әр екі ай сайын, министрлік кездесуін әр 6 ай сайын өткізу шешімі қабылданды. Артық өндірісті өтеу мерзімі 2023 жылдың 31 наурызына дейін ұзартылды.

Қазақстан үшін қарашаға арналған міндеттемелер тәулігіне 1,628 млн баррельді құрайды. Елдер Келісім шеңберінде елдердің міндеттемелерді сақтауының маңыздылығы туралы тағы да келісті, - делінген ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама