Ресейде жабылған Toyota зауытын Қазақстаннан ашу жоспарланып отыр
Бизнес-корпорациялар бұл мәселелерді мемлекеттік органдармен талқыламайды
Toyota зауыты Қазақстанда ашылуы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, қазір екіжақты келіссөз жүргізіліп жатыр.
Біздің өндірушілер тиісті келіссөздерді жүргізіп жатыр. Бизнес арасында мұндай процестердің жүретіні түсінікті. Бизнес-корпорациялар бұл мәселелерді мемлекеттік органдармен талқыламайды. Бұл тұрғыда қаражат салу, өкілеттік, көлікті өткізу нарығын қамту сияқты тақырыптар пысықталады. Дегенмен бұл бастаманы нақты жүзеге асыру мүмкіндігі туралы ештеңе айта алмаймын, - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.
Еске сала кетсек, өткен аптада жапониялық көлік өндіруші компания Петербордағы зауытын жабу туралы шешім қабылдаған болатын. Ал ол бренд маркалы зауыт біздің елде ашылса, ең табысты жобаларымыздың бірі болмақ.