×

Мемлекеттік қызметкерлер 759 млрд теңге «қарыз» болып қалды

Қате түзетілмесе, банк шоты бұғатталуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 05.10.2022 | 18:02
Фото: inbusiness.kz

Мемлекеттік қызметкерлер табыс декларациясын қате толтыруы салдарынан 759 млрд теңге «қарыз» болып қалған деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша 11 мың мемлекеттік қызметші, оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары жеке табыс салығы бойынша 759 млрд теңге сомасында берешек қалыптасты.

Декларацияларды талдау барысында салық салынатын табыс болмағанда бюджетке төленетін жеке табыс салығының сомалары қате көрсетілген. Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға декларацияны мұқият толтыруды әрі тексеру керектігін ескертті. Онда қате анықталған жағдайда декларацияның «Е» бөлімінде жеке табыс салығының сомасын кемітіп, қосымша декларацияны тапсыру керек, - деп жазылған хабарламада.

Қате түзетілмеген жағдайда жеке сот орындаушылары салық бұйрықтары негізінде банк шотын бұғаттауы мүмкін.

Декларацияға қатысты сұрақтар бойынша тұрғылықты мекенжай бойынша мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама