Halyq Uni логотип
×

Жалған ақпарат таратқандарға 16 млн теңге айыппұл салынады

Олардың арасында кәмелет жасына толмаған балалар, тіпті 1-сынып оқушысы да бар

 Еркеғали Болатұлы 04.10.2022 | 10:03
Жалған ақпарат таратқандарға 16 млн теңге айыппұл салынады
фото: ашық дереккөз

Биыл 111 адам мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындарға жарылғыш зат қойылды деп қоңырау шалып, хат жіберген. Ал полицейлер жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Жалған ақпарат таратушылардың арасында кәмелет жасына толмаған балалар, тіпті 1-сынып оқушысы да бар.

Жыл басынан бері 28 адам осындай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың 8-і бас бостандығынан айырылды.

Мамандардың айтуынша, жарылғыш зат туралы хабарлама көбінде еріккен, іші пысқан, мас адамдардан түседі. Олар мұндай қадамға кек алу, бұзақылық, мекеменің жұмысына кедергі келтіру, мектептегі сабақты болдырмау және құқық қорғау органдарының жұмысын тексеру үшін барады екен.

Соңғы 3 айда «бомба қойылды» деген ақпараттан соң Алматы, Ақтөбе, Павлодар облысындағы мектептерде сабақ уақытша тоқтатылды. Бір жағдайда жалған хабарламаны кәмелет жасына толмаған бала берген. Оның ата-анасына 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Осыған дейін болған барлық жағдайда жарылғыш заттар туралы ақпарат расталған емес. Біздің есептеуімізше, осындай жалған шақырту бойынша бір рет шыққанда 200-300 мың теңгеге дейін жұмсалады. Ал ірі кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалғанда әр сағат сайын миллиондаған теңге зиян келеді, - деді ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Алмас Талқанбаев Qazaqstan телеарнасына берген жауабында.

Бұл ретте ол жалған ақпарат үшін 16 миллион теңгегеге дейін айыппұл салынатынын ескертіп отыр. Сондай-ақ бұл қызмыстық іске барғандарды 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама