ҚХР Украина мен Ресейге келісімге келуге және ұстамдылық көрсетуге шақырды
Қытай Украинаның тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығына құрмет көрсететінін мәлімдеді.
Бұл туралы Oxy.az хабарлады.
ҚХР-дың Бүкіләлемдік ұйым жанындағы өкілі Чжан Цзюнь өз елінің ұстанымын жеткізді. Ол өз елінің Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын және Ресейдің УКраинаның территориясында заңсыз өткізген референдумын мойындамайтынын атап өтті.
Қытайдың Украина мәселесі бойынша позициясы дәйекті және айқын. Барлық елдердің егемендігі мен территориялық тұтастығы қамтамасыз етілуі тиіс. БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен принциптері сақталуға тиіс, барлық тараптардың қауіпсіздік саласындағы заңды алаңдаушылықтары ескерілуі тиіс. Жанжалдың бейбіт жолмен реттеуіне ықпал ететін барлық жағдайларға қолдау көрсетілуі қажет, – деді ол.
Қытай Украина мен Ресейге келіссөзге келуге және ұстамдылық көрсетуге шақырды.