Соңғы бес жылда қылмыстардың саны 43%-ға азайған
Ішкі істер министрлігінің елден заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы аяқтады.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
Ішкі істер министрлігінің халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша ішкі істер органдарына 1 087 азамат хабарласып, 1 400 дана атыс қаруы мен 10 мыңға жуық патронды өз еркімен тапсырды, – деді ол.
Бұл акция 2008 жылы басталған. Осы уақыт аралығында азаматтар 54 мыңнан астам атыс қаруын, 2 млн астам патронды өз еркімен тапсырды.
Соңғы бес жылда атыс қаруымен жасалған қылмыстардың саны 43%-ға азайған.