Halyq Uni логотип
×

ІІМ елден атыс қаруын сатып алу акциясын аяқтады

Соңғы бес жылда қылмыстардың саны 43%-ға азайған

 Дастан Жұмабекұлы 03.10.2022 | 16:46
ІІМ елден атыс қаруын сатып алу акциясын аяқтады
фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігінің елден заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы аяқтады.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

Ішкі істер министрлігінің халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша ішкі істер органдарына 1 087 азамат хабарласып, 1 400 дана атыс қаруы мен 10 мыңға жуық патронды өз еркімен тапсырды, –  деді ол.

Бұл акция 2008 жылы басталған. Осы уақыт аралығында азаматтар 54 мыңнан астам атыс қаруын, 2 млн астам патронды өз еркімен тапсырды.

Соңғы бес жылда атыс қаруымен жасалған қылмыстардың саны 43%-ға азайған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама