Halyq Uni логотип
×

Биыл азаматтар үшін мүлік салығын төлеу мерзімі өзгерді

Өсімпұлды есептеу ертең, яғни 4 қазаннан басталады

 Дастан Жұмабекұлы 03.10.2022 | 15:48
Биыл азаматтар үшін мүлік салығын төлеу мерзімі өзгерді
фото: ашық дереккөз

Азаматтар үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазан демалыс күніне сәйкес келгендіктен, төлеу мерзімі 3 қазанға ауыстырылды.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Салық кодексінің 38-бабы 2-тармағының ережесіне сәйкес, егер салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

Сондықтан 1 қазанға дейін төлем жасай алмаған азаматтар бүгін салық төлей алады. Өсімпұлды есептеу ертең, яғни 4 қазаннан басталады.

Есептелген салық сомасын «kgd.gov.kz» сайтында және «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында «Алдағы төлемдер» сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларынан білуге болады.

Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін «e-Salyq Azamat» (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы → Электрондық сервистер → Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі → ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама