Полицейлер камераларды екі-ақ сағатта қарап шығып, ұрыларды тез ұстаған
Ақтауда полицейлер Ресей азаматтарының 200 еуросын тонаған күдіктілерді ұстады.
Нақты айтқанда, кеше Ақтау қалалық ПБ-не 23 жастағы Ресей азаматы 11-шағын ауданда өзінен 200 еуро алып кеткен екі адамды ұстауды сұрап арызданған.
Ақтау қаласының полицейлеріне рахмет! Бізде екі адамды тонап кетті. Бірақ екіншісі бүгін ғана өтініш берді. Олар өте жылдам келіп, екі-ақ сағатта камераларды қарап, ұрыларды ұстады. Бізде полицейлер тек екі сағаттан соң келер еді. Ал мұнда бірінші патруль 5 минутта болды, - деп жазған ресейлік азамат.
Қылмыстар ҚР Қылмыстық кодексі 191-бабының 2-бөлігі («Тонау») бойынша тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 және 31 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторында. Қылмыстарын мойындап отыр.