×

Атырау облысында 9 оқушы балабақшаның ойранын шығарған

Ата-аналары аудандық полиция бөліміне шақыртылды

 Динара Амантай 03.10.2022 | 12:06
Фото: видеодан скриншот

Атырау облысында 9 жасөспірім балабақшаның ішіне кіріп, астан-кестеңін шығарған деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқиға 1 қазанда Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында болған.

Мектеп жасындағы жасөспірімдер кешке таман «Қызғалдақ» балабақшасына кірген. Ондағы ойыншықтар мен гүлдерді шашып, бөлмелердің астан-кестеңін шығарған.

Балабақша күзетшісі теріс әрекет жасаған жасөспірімдердің екеуін ұстап алған. Ал өзгелері қашып кеткен.

Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы балабақша ішінде болған құқық бұзушылық фактісіне қатысты 6-7 сыныпта оқитын 9 оқушы анықталды. Олардың ата-анасы аудандық полиция бөліміне шақыртылып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы 3 тәулікте түн ортасына дейін заңды өкілдерінсіз көше кезген 130-дан аса жасөспірім ұсталған. Оның ішінде екі жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған.

«Өзге жасөспірімдер тұрғылықты мекен-жайы бойынша ата-аналарына тапсырылды. Беймезгіл уақытта қыдырған 132 жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабымен хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20