×

Моңғолия Ресейдегі туыс халықтарды көшіп келуге шақырып жатыр

Әскер қатарына алынғыларыңыз келмесе, келіңіздер. Біздің елде тұрыңыздар, –  делінген үндеуде.

 Дастан Жұмабекұлы 03.10.2022 | 11:16
фото: holod.media

Моңғолияда РФ-дағы ішінара мобилизациядан елдерін тастап кетіп жатқан ресейліктерге көмек көрсету орталығы құрылды.

Осы колл-орталық арқылы Моңғолия үкіметі Тывадағығы, Бурятиядағы, Хакасиядағы, Қалмақстандағы, Саха мен Таулы Алтайдан бас сауғалап, кетіп жатқан туыс халықтарды өздеріне шақырып жатыр.

Бұл туралы Facebook-тегі Khamag mongol парақшасында хабарланды.

Қазірдің өзінде соғыстан қашқан мыңнан астам бурят мен тыва сонда барып паналапты.

Жергілікті халық қолдан келген көмектің бәрін жасап, оларды баспанамен, жұмыспен қамтамасыз етіп жатыр екен. Осы мақсатта колл-орталық құрылып, Telegram-да арналар ашылған. Қазір #1ROOT деген қозғалыс елде кеңінен тарап, жергілікті халықтың үлкен қолдауына ие болып отыр.

Моңғолия үкіметі елге келген ресейліктерге «жұмыс тауып береміз, бізде қанша тұрғыларың келсе де тұра беріңдер» деп үндеу жолдады.

Моңғолияда неше уақыт тұрамын десеңіздер өздерінің білесіздер. Біз Ресейдегі туысқан халықтарымызға қолдан келген көмектің бәрін жасауға дайынбыз. Әскер қатарына алынғыларыңыз келмесе, Моңғолияға келіңіздер. Біздің елде тұрыңыздар, –  делінген үндеуде.

Моңғол үкіметі мұны тарихи оқиға, тарихи шешім деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама