×

Енді қазақстандықтар жұмыс іздеу үшін онлай супермаркетті пайдаланады

Олар ЕАЭО-дан да жұмыс іздей алады

 Дәурен Ерболат 03.10.2022 | 10:28
Фото: zagranitsa.com

Қазақстанда жұмыспен қамту саласындағы барлық қызмет цифрландырылады деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Электронды еңбек биржасы (ЭЕБ) базасында Бірыңғай цифрлық экожүйе немесе жұмыспен қамту саласындағы онлайн қызметтер супермаркеті құрылады. Бұл экожүйе қазақстандықтарға мамандық таңдаудан бастап, еңбек қатынастарын рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Бүгінде ЭЕБ базасында жұмыспен қамту саласындағы болашақ супермаркеттің 6 негізгі құрамдас бөлігінің бесеуі іске асырылды. Оның негізгі элементі – Enbek.kz. Ол 205 жұмыспен қамту орталығы, 44 жеке жұмыспен қамту агенттігі,5 онлайн жұмыспен қамту алаңынан тұрады. Онда тұрғындар бос жұмыс орындарын, ал жұмыс берушілер өзіне керек қызметкерлерді іздей алады.

Enbek.kz-те Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Ресейдің ұлттық ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік бар. Сондықтан «Шекарасыз жұмыс» бірыңғай іздеу жүйесі арқылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінеен де жұмыс табуға болады.

ЭЕБ арқылы жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді де оңай алуға болады. Былтыр 126 мың адам онлайн форматта жұмыссыз ретінде тіркелді. Платформа арқылы адамдар жұмыссыз қалуына байланысты әлеуметтік төлем алуға, субсидияланған жұмыс орындарына орналасуға, жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныс аудару үшін өтініш бере алады. Биыл бұл мемлекеттік қызметтерді 314,2 мыңнан астам адам пайдаланды, – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов.

Оның айтуынша, жұмыспен қамту саласы да цифрландырылады.

Бұрын жұмыспен қамту саласында офлайн форматта көрсетілетін барлық қызмет цифрландырылады. Жұмыс іздеушілер кейс-менеджментті пайдаланып, коммуникацияның барлық қолжетімді тәсілдері мен қолдауын алуға мүмкіндігі бар. Бұл халық үшін мемлекеттік қызметтердің барлық спектрінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деді орталық басшысы.

2023 жылы экожүйеде мамандықтар бойынша цифрлық жол сілтегішті іске қосу жоспарланып отыр. Онда еңбек нарығындағы барлық мамандық туралы ақпарат болады: маман неге жауап береді, қандай білім алу керек, жалақысы қанша, мамандыққа еңбек нарығында сұраныс бар ма және тағы басқа. Бұл адамдарға мамандық таңдауға көмектеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама