Halyq Uni логотип
×

Ақтауда полицейлер өзін-өзі өлтіргісі келген әйелді құтқарды (ВИДЕО)

Ол бұрын да осындай әрекетке барған болып шықты

 Динара Амантай 02.10.2022 | 16:08
Ақтауда полицейлер өзін-өзі өлтіргісі келген әйелді құтқарды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Ақтауда полиция қызметкерлері өзін-өзі өлтірмек болған әйелді құтқарып қалды деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 1 қазан түнгі сағат 01.40 шамасында 102 желісіне Ақтау қаласының көпқабатты үйлерінің бірінің 5-ші қабатының балкон қоршауынан әйел адамның секірейін деп жатқандығы туралы хабар түскен. Шақыртуға патрульдік полиция жасағы, кезекшіліктегі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор және қала аумағына түнгі кезекшілікке бекітілген ПБ арнайы қабылдау орнының бастығы барды.

41 жастағы азаматша балкон қоршауына отырып, ешкімнің өзіне жақындамауын талап еткен. Арнайы қабылдау орнының бастығы Өркен Жүсіпбеков онымен әңгімелесіп, одан асығыс әрекеттер жасамауды өтінді. Полиция қызметкері әйелді сөзге тартып, көңілін аулап, оған жақындай бастады. Секіруге дайын тұрған әйел қолын жібере бергенде тәртіп сақшысы жылдам әрекет етіп, санаулы секунд ішінде оны ұстап алды.

Әйелдің мас күйде болғаны анықталды. Жеке басын анықтау барысында оның наркологиялық есепте болғаны белгілі болды. Ол бұрын да осындай әрекетке барған болып шықты.

Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама