Halyq Uni логотип
×

127 адам қаза болды: Индонезия президенті стадиондағы жанкүйерлердің өлімін тергеуді тапсырды

Дәрігерлердің айтуынша, өлім жағдайларының көбіне тұншығу себеп болған.

 Динара Амантай 02.10.2022 | 12:04
127 адам қаза болды: Индонезия президенті стадиондағы жанкүйерлердің өлімін тергеуді тапсырды
Фото: видеодан скриншот

Индонезияның шығыс провинциясында футбол матчынан кейінгі тәртіпсіздіктерден 127 адам қаза тауып, 180-ге жуық адам жарақат алды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі rbc.ru сайтына сілтеме жасап.

Индонезия президенті Джоко Видодо футбол матчтары кезіндегі қауіпсіздік шараларын қайта қарауды және елдің шығысындағы Маланг қаласындағы Канджурухан стадионындағы тәртіпсіздіктер кезінде 129 адамның өліміне байланысты жан-жақты тергеу жүргізуді бұйырды. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Индонезия футбол қауымдастығына (PSSI) оқиғаға қатысты тергеу аяқталғанша Лига 1-нің барлық матчтарын тоқтатуды бұйырды.

Бұл елдегі соңғы футбол трагедиясы болуы керек, - деді Видодо.

Қайғылы жағдай Маланг қаласындағы стадионда жергілікті «Арема» клубы мен Шығыс Ява провинциясының әкімшілік орталығы Сурабайдағы «Персебая» командасы арасындағы ойын кезінде болды.

Матч 3-2 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Соңғы ысқырықтан кейін «Ареманың» мыңдаған жанкүйері алаңға жүгіріп шыққан, содан қақтығыстар басталған.

Полиция көзден жас ағызатын газды қолданған. Дәрігерлердің айтуынша, өлім жағдайларының көбіне тұншығу себеп болған.

Стадионның сыртында да тәртіпсіздіктер жалғасып, бірнеше полиция көлігін өртеп жіберген. Екі полиция қызметкері де қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама